2025 жылдың 15 қыркүйегінде «Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК студенттермен буллинг/кибербуллингтің алдын алу, колледждің ішкі тәртіп ережелерін және жатақханада тұру ережелерін сақтау мәселелері бойынша әңгіме өтті. Колледждің әлеуметтік педагогы Коновалова С.Г. «Буллингтен қорған» тақырыбында сөз сөйлеп, буллинг/кибербуллингтің белгілері мен салдарын түсіндірді, көмекке жүгіну тәртібі, анонимді арналар және бұзушылық жасағандардың жауапкершілігі туралы айтты. Сонымен қатар студенттерге ішкі тәртіптің негізгі нормалары: сабаққа қатысу, тәртіп, академиялық адалдық, мінез-құлық мәдениеті және қауіпсіздік техникасы еске салынды.


